Қорғаныс министрлігінің шешімімен қазақстандықтар биыл көктемде әскерге шақырылмайды. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев брифингте хабарлады.

«Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты 2019 жылы әскерге шақырылған азаматтардың қызметінен босатылуы тоқтатылады. 2020 жылы көктемде әскерге шақыру кезеңі де болмайды.», - деді Абаев.