Елімізде коронавирустан жазылған алғашқы екі адам бейсенбіде ауруханадан шығады. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев бүгін өткен брифингте хабарлады.

«Басты әрі жақсы, қуанышты жаңалық — екі адамның ертең ауруханадан шығуы. Олар коронавирустан толықтай айыққан», — деді Абаев.

Дәурен Абаевтың айтуынша, қазір олар дәрігерлердің бақылауында, соңғы анализді тапсырады.

«Бұл — біздің вируспен күресте алғаш, бірақ соңғы жеңіс емес, күні-түні науқастармен жұмыс істеген дәрігерлердің жеңісі», - деді министр.