Коронавирус инфекциясынан әйел адам қаза болды. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев бейсенбі кешке өткен брифингте хабарлады. 

«Бүгін коронавирустан Қазақстанның азаматшасы көз жұмды. Туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айтамыз», - деді ол.  Министрдің сөзінше, толық ақпаратты ертең Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.  

Естеріңізге сала кетейік, бүгінге дейін елімізде 109 адамда коронавирус анықталған. Оның екеуі толықтай жазылған еді. 

Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз