28 наурызда сағат 00:00-ден бастап Шымкентте инфекция жұқтырғандардың көбеюіне жол бермеу үшін қосымша шектеу шаралары енгізіледі:

- әуежай мен теміржол вокзалының жұмысы толығымен тоқтатылады;

- көлік базарлары, азық-түлік жәрмеңкелері, ұялы телефон дүкендері жабылады;

- тұрғын үйлерде, аудандарда, діни бірлестіктерде жеке, отбасылық және басқа шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады;

- сауда мекемелерінде тауар сатып, қызмет көрсетуді онлайн режимде жүзеге асыруға шақырылады;

- барлық сауда және басқа да нысандарда келушілер мен сатушылар медициналық маскаларды киеді әрі санитарлық-дезинфекциялық шаралар күшейтіледі;

- мал базарлары тек жексенбіде сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді;

- қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін шектеледі. 18:00-ден 22:00-ге дейін, қоғамдық тамақтану орындары жұмысын үйге тамақ жеткізу режимінде жүргізеді;

- қоғамдық тамақтандыру орнының өкілдері кіреберісте тұтынушының температурасын тексеріп, қолды санитарлық тазартуға мүмкіндік жасауы керек. Бір мекемеге келетін клиенттің саны 50 тұтынушыдан аспауы керек. Үстелдердің арасын неғұрлым алшақтатқан жөн;

- 21:00-ден 7:00-ге дейін Шымкенттің аумағына кіруге және шығуға тыйым салынады. Бұл шара транзит және тамақ тасымалы үшін қолданылмайды;

- қоғамдық көлік 6:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді.

Біздің Telegram-каналға жазылыңыз