Британия кеңесі #UydenShykpa акциясын қолдау мақсатымен білім беру саласы бойынша бірнеше тегін онлайн-сабақ пен материал дайындады. 

Кеңестің сайтында #Үйденшықпа парақшасы ашылған. Ол жерден бірнеше пайдалы сабаққа сілтемелерді табасыз:

— балаларға арналған ойын-сауық және білім контенті;

 жасөспірімдер мен ересектердің ағылшын тілін жетілдіруге арналған онлайн-материалдар;

 digital-көрме мен радиобағдарлама;

IELTS тестіне дайындайтын материалдар мен курстар

Биыл 31 наурыз бен 21 сәуір аралығында кез келген адам IELTS тестіне тегін дайындайтын вебинарға тіркеле алады. 

Сонымен қатар, сайтта «Ағылшын тілін үйрену» бөлімі бар. Ол жерден тегін мобайл қосымшаларға сілтеме, пайдалы онлайн-курстар мен ағылшын тілінің деңгейін анықтайтын тест таба аласыз. 


Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз