Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, мемлекет әлеуметтік осал топтарға коммуналдық қызметтер үшін айына 15 мың теңге төлейді. Бұл туралы Информбюро хабарлады

«Кеше мемлекеттік комиссиямен мұны талқыладық. Біз коммуналдық қызмет төлемін бірінші болып кейінге шегерген едік. Егер төлейтін мүмкіндік болмаса, әзірге төлемей тұрып, жылдың соңына дейін шешімін табуға болады. Енді қосымша шешім қабылданды. Әлеуметтік осал топтарға екі айға 15 мыңдық жеңілдік қарастырылады. Яғни бір айда коммуналдық қызметке 20 мың төлеу керек болса, оның 15 мыңын мемлекет өтейді, қалғанын отбасы өзі төлейді. Бұл көмек тек әлеуметтік осал топтарға қарастырылған», – дейді Алматы әкімі.


Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз