Астанада коронавирусқа тест тапсыру желісі кеңейтілді. Тест құны 10 мың теңге, жеке клиниканың бағасынан екі есе арзан. Бұл туралы Астана әкімдігінің сайтында ақпарат жарияланды

Ұшақ жолаушылары коронавирусты анықтайтын тестті Ұлттық ғылыми медициналық орталық пен осы орталықтың балалар кардиохирурниясы ғимаратында тапсыра алады. 

Сонымен қатар, Ұлттық сараптама орталығында COVID-19-ды анықтайтын тестті 11,5 мың теңгеге тапсыруға болады.

Ал «Олимп» зертханасында тест құны 19 мың 760 теңге.

Әкімдіктің айтуынша, тест тапсыру үшін алдын ала онлайн түрде тіркелу керек. 


Біздің Facebook-парақшамызға жазылыңыз