Тоқаев 2006 жыл 1 ақпандағы «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» №56 жарлыққа өзгеріс енгізді.

Ұлттық комиссияның төрағасы болған Гүлшара Әбдіхалықова комиссия құрамынан шығарылды. Жаңа төраға ретінде Ләззат Рамазанова тағайындалды. Ол 2019 жылдан бері «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төраға орынбасары қызметін атқарып келді. 

Естеріңізге сала кетейік, Гүлшара Әбдіқалықова наурыздың соңында Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды. 


Біздің Facebook-парақшамызға жазылыңыз