Джоан Роулиң Spotify-мен бірігіп, Harry Potter at Home («Гарри Поттер үйде») жобасын бастады. 5 мамырдан бастап, маусымның соңына дейін аптаның әр сейсенбісінде әйгілі адамдар «Хәрри Поттер мен пәлсапа тас» кітабын бөліп оқитын болады. Бірінші бөлімді атақты кітаптың басты кейіпкерін сомдаған актер Дэниел Рэдклифф оқыды. Бұл туралы TJournal хабарлады. 

Әр бөлімді танымал тұлғалар кезектесіп оқиды. Жобаның келесі қатысушылары  «Хәрри Поттер» аудиокітаптарын дыбыстаған Стивен Фрай, футболшы Дэвид Бекхем, актриса Дакота Фанниң. Сонымен қатар, «Таңғажайып мақұлықтар» фильміне түскен Эдди Рэдмейн мен Клаудия Ким және «Хәрри Поттер» кітабы бойынша көрсетілген қойылымда Гермионаны сомдаған Нома Думезвени жобаға қатысады.

Жобаның аудио нұсқасын Spotify қолданушылары тыңдай алады. Ал видео нұсқасы Wizarding World сайтында жарияланып жатыр


Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз