Қала әкімдігінің хабарлауынша, Алматыдағы қонақүй, қоғамдық тамақтану орындары мен діни мекемелер 18 мамыр емес, 25 мамырдан бастап жұмыс істейді.  

«Алматыда қоғамдық тамақтану, діни мекеме және қонақүй кешендеріне қлйылған шектеу шаралары қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты кезең-кезеңмен алына бастайды. Мысалы, мегаполистің бизнес-қауымдастығымен бірлесіп, қоғамдық тамақтану объектілерін және қонақүй кешендерін іске қосудың дайындық жұмыстары шеңберінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау шартымен аталған секторлардың ұйымдарын 25 мамырдан бастап кезең-кезеңмен іске қосу талқыланып жатыр»,  делінген хабарламада.

Биліктің айтуынша, қазірде Алматыда қауіп-қатер тобын жаппай тестілеу және жасырын инфекция ошақтарын анықтау шараларына байланысты қаланың діни орындарына (мешіттерге, шіркеулерге, храмдарға, синагогаларға және тағы басқаларына) бару шектеуін 18 мамырдан бастап алу ерте.

Әкімдік барлық іске қосылатын нысан жаңа ұсыныстарға сәйкес жұмыс істеуге міндетті екенін айтты: әлеуметтік арақашықтық, жұмыс орындарындағы қатаң санитарлық режим және тағы басқа нормалар мен ұсыныстар. Жұмыс орнына қажет қызметкерлердің санын ұйым басшылары анықтайды.


Біздің Telegram-каналға жазылыңыз