«City Transportation Systems» компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астанада қоғамдық көліктің жұмыс уақыты өзгерді. Енді автобустар 06:00-ден 22:00-ге дейін жүреді.

«Астанада автобустардың жұмыс уақыты ұзарды. Бүгіннен бастап қоғамдық көліктер сағат 06:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Бұған дейін олар сағат 7:00 мен 21:00 арасында жүретін», — деді компания.

Компанияның хабарлауынша, 12 мамырда, яғни қоғамдық көліктің алғаш жүрген күні жолаушылар саны 146 907 болған, оның 2 787 мектеп оқушысы, 36 884 адам  жеңілдігі бар азамат. 13 мамырда жолаушылар саны 205 295 адамға жеткен, оның ішінде 3 686 мектеп оқушысы мен 48 418 жеңілдігі бар азаматтар. Карантин режимі енбестен бұрын Астанада жолаушылар саны 762 мың адам болған.

«Бүгін барлық қалалық маршрут жұмыс істеп тұр. Қала сыртына баратын көлік жұмысы екінші кезеңде жанданады. Ол туралы әлі толық хабар береміз»,  деді баспасөз қызметі.


Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз