Франциядағы Тиюа-ле-Маршен коммуна кеңесі 55 жастағы трансгендер әйел Мари Коны қаланың жаңа мэрі етіп тағайындады. Ол сайлауда қоршаған ортаны сақтау және жергілікті экономиканы дамыту бағдарламасын ұсынған. Бұл туралы НОЖ онлайн-журналы хабарлады

Мари Ко агротехника мамандығын игерген. Өзін «мадам мэр» деп атауды өтінген. Францияда бұл лауазымға алғаш рет тренсгендер әйел тағайындалды. 

Тиюа-ле-Маршен қалашығында 600-ге жуық адам тұрады. Қала мэрін тұрғындар емес, 15 адамнан тұратын коммуна таңдайды. Сенбі күні өткен сайлауда коммунаның 14 мүшесі Мари Коға дауыс берген. 

Саясаткер журналистерге «белсенді емес» екенін, алдығы уақытта гендерлік мәселелерге емес, муниципалитет жұмысына ден қоятынын айтты.  

«Адамдар мені трансгендер болғаныма емес, бағдарламама қарап таңдады. Жағдай оңтайланған кезде басқалар сені бөліп-жарудан қалады», — деді жаңа мэр.


Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз