Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифингте қалада карантин шараларының күшейтілуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы HolaNews жазды

Бекшиннің айтуынша, қайта-қайта ескерту салынғанына қарамастан нысандар карантин ережелерін жиі бұзып жүр. Бұрын ашылған нысандардың жұмысын тоқтату мәселесі де қаралады. Қалада халық әлі де коронавируспен тіркеліп жатыр.  

«Егер карантин ережелері бұзыла берсе, әрине, бұл қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына алып келеді. Сондықтан біз алдағы уақытта карантин шараларын күшейту мәселесін қарастырып жатырмыз» - дейді бас санитар дәрігер.


Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз