Tengrinews-тің хабарлауынша, Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына енді WhatsApp арқылы жазуға болады. Бұл туралы басқармасының жаңа басшысы Қамалжан Надыров айтты.

«Халыққа ыңғайлы тағы бір байланыс арнасы құрылды. +7 777 8888 103 нөміріне WhatsApp арқылы хабарлама жіберіп, дәрігерге жүгіне аласыз. Алматының әрбір қонағы немесе тұрғыны қаланың денсаулық сақтау жүйесіндегі жағдайды жақсарту үшін шағымы мен ұсыныстарын жаза алады. Барлық хабарлама қаралып, назарға алынады», деді ол.

Надыровтың айтуынша, бұл нөмірге Алматы аумағындағы бас санитар дәрігердің қаулысын бұзу деректері түсірілген фото мен видео да жіберуге болады.


Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз