FlyArystan маршрут жүйесін кеңейтіп, Атырауда аймақтық базасын ашып жатыр. Рейстер 2020 жылдың 15 шілдесінен басталады. 180 орындық Airbus A320 ұшағы мұнай астанасынан тоғыз бағыт бойынша ұшады. Билеттер flyarystan.com сайтында сатылымға шықты. 

Билет бағасы төмендегідей:

  • 4 999 теңгеден бастап – Ақтауға (күнде), Ақтөбеге (аптасына төрт рет), Оралға (аптасына үш рет);
  • 6 999 теңгеден бастап – Қостанай мен Қызылордаға (аптасына екі рет);
  • 9 999 теңгеден бастап – Шымкентке (аптасына төрт рет);
  • 11 999 теңгеден бастап – Қарағандыға (аптасына үш рет);
  • 12 999 теңгеден бастап – Астанаға (аптасына екі рет);
  • 14 999 теңгеден бастап – Алматыға (аптасына екі рет).

FlyArystan-ның коммерциялық директоры Жанар Жайлауованың айтуынша, Қазақстанның индустриясы дамыған аймағы  Атырау облысының ішкі тасымал бағытында болашағы зор. 


Біздің Facebook-парақшамызға жазылыңыз