Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, коронавирус анықталған 1904 медицина қызметкерінің 30 % ғана инфекцияны жұмыста жұқтырған. 

«Коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастардың ішінде медицина қызметкерлерінің үлесі 12 %, бұл — жалпы алғанда 1904 адам. Олардың 30% жұмыс уақытында жұқтырды»,  деді Ақтаева.

Сәуірдің соңында Денсаулық сақтау министрлігінде елімізде 820 дәрігердің инфекция жұқтырғаны туралы белгілі болған еді.

Естеріңізге сала кетейік, президенттің тапсырмасы бойынша, коронавирус инфекциясын жұқтырған дәрігерлерге екі миллион теңге көлемінде сақтандыру төлемі қарастырылған. Медицина қызметкері қайтыс болған жағдайда төлем 10 миллион теңге болады.


Біздің Telegram-каналға жазылыңыз