Қалада жаяу жүруге де, жеке көлікпен жүруге де шектеу қойылады. Тек мына жағдайларда рұқсат етіледі:

- жұмыс орнынан анықтама (немесе қызметтік куәлік) болған жағдайда, тұрғылықты жерінен жұмыс орнына және кері қарай бағытта;

- азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тұрғылықты жері мен жұмыс орнына жақын дүкендер мен дәріханалардан сатып алу;

- шұғыл жағдайда медициналық ұйымдарға бару;

- тұрғылықты жерден жақын маңда үй жануарларын серуендету.

Астана тұрғындарына қосымша шектеу шаралары кезеңінде қажет болатын тауарлар мен дәрі-дәрмекті 18 және 19 маусымда сатып алу ұсынылған.

Уақытша шектеу кезінде 65 жастан асқан тұрғындарға қажет болмаған жағдайда көшеге шығуға шектеу қойылады.

Сауда орталықтарында, базарларда, қоғамдық көліктерде, азық-түлік сататын және сатпайтын дүкендерде, қызмет көрсету орындарында және қоғамдық орындарда кең көлемде зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

астанада 2020 жылы 20 маусым сағат 22:00-ден 21 маусым сағат 00:00-ге дейін қызметі тоқтатылатын орындар:

- Сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері (супермаркеттер, гипермаркеттер), азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлар сатылатын дүкендер, базарлар, жәрмеңкелер;

- мейрамханалар, кафелер, фаст-фудтар, фудкорттар, асханалар және басқа да қоғамдық тамақтану орындары. Тек 50 орыннан аспайтын ашық ауада орналасқан қоғамдық тамақтану орындары мен жеткізу қызметтері жұмыс істейді;

- фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, жаттығу залдары, спорт кешендері, бассейндер;

- SPA-орталықтар, SPA-салондар, сұлулық салондары, шаштараздар, тырнақ студиялары, барбер-шоптар, солярийлер, массаж орталықтары және сол секілді қызмет көрсететін орындар;

- қоғамдық моншалар, бассейндер, сауналар;

- қоғамдық көліктер;

- Техникалық қызмет көрсету станциялары, автожуу, шиналарға қызмет көрсету, авто бөлшектер сататын дүкендер;

- тирлер, ату орындары;

- құрылыс компаниялары. Құрылыс алаңынан тыс жерде жұмыс істемеуді қамтамасыз ету мүмкіндігі мен құрылыс алаңдарында жұмысшыларға арналған жатақханалары бар болған жағдайларда жұмыс істеуге болады;

- қоғамдық орындар: саябақтар, алаңдар, жағалаулар, көше ойын алаңдары және азаматтардың басқа да демалыс орындары;

- шетел валютасымен қолма-қол операциялар жүргізуге құқығы бар қаржы нарығының субъектілері мен қызметтері мен ұйымдары;

- географиялық жағынан Астана қаласына жақын туристік аймақтарға кіреберісті жабу және осы аудандарда орналасқандар әлеуметтік қашықтықты сақтауы қажет.