Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның мәлімдеуінше, биылғы оқу жылы қарсаңында ағартушылық бағытта жаңа телеарна ашылады. Бұл туралы Vласть хабарлады.

«Министрлік тарапынан отандық ақпарат кеңестігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен дамыту бойынша дәйекті жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазірде Қазақстанда Abai tv, «Әл-Фараби» телеарналарын ашу мәселесі қарастырылды», — деді Аида Балаева.

Abai tv телеарнасы 30 маусымда жұмысын бастайды. Ол «Қазақстан» РТРК» АҚ құрамына кіреді. Телеарна отандық мәдениет пен мұраның байлығын насихаттауға арналған.

Министрдің сөзінше, ашылуы жоспарланған тағы бір арна «Әл-Фараби» телеарнасы «Хабар»-дың базасы бойынша жаңа оқу жылының қарсаңында көрсетіледі. Бұл 6-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған телевизиялық оқу-ағарту платформасы болады.


Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз