Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік — әлеуметтік бағытталған, кіріс әкелмейтін іс-шаралар ұйымдастыру және оларды іске асыру бойынша компанияның ерікті бастамасы. Әр мемлекет жауапкершілікті әрқалай түсінеді. Канадада КӘЖ — корпоративтік қайырымдылық пен әлеуметтік маркетинг, ал Камбоджада бұл жауапкершілік — еңбек шарттарын жақсарту мақсатындағы бизнестің Халықаралық еңбек ұйымымен әріптестігі. Австралияда ол — экологиялық жобалар мен құқық қорғау ұйымдары, ал Үндістанда қайырымдылық пен төмен дәрежедегі қоғам инфрақұрылымның салдардарын азайту. Қытайда бизнесте қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі бірінші орында. Қазақстанда КӘЖ кең тарамаған: компаниялардың тек 56 %-ы ғана кәсіпкерлік әлекуметтік жауапты болуы керек деп есептейді. Ал корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясында жұмыс жасайтын компаниялардың саны белгісіз.

Әр жыл сайын Samsung компаниясы өз пайдасының 1 %-ын әлеуметтік жобаларға жұмсайды. Мұндай жобалар — балалар үйіне, ауруханалар мен мектептерге көмек қолын созу, ал олардың саны — бірінше ондаған.

Біз бір жыл бойы Samsung көмектескен адамдармен сөйлестік, себебі корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік сандар емес, адамдар туралы.

Балаларға көмек

Балаларға арналған Наурыз мерекесі

14 сәуірде Қаскелен және Есік қалаларының интеллектуалды бұзылыстары бар балалар интернаттарының 170 тәрбиеленуішісі Наурыз мейрамын Arman Dala балалар лагерінде атап өтті. Балалар мәнет шеку, білезік нақыштау, киіз бен қыш құмыра жасау мен пирографиядан шеберлік сабақтарына қатысты. Ұл балалар асық пен тиын салу ойындарында өз шеберліктерін қуана-қуана көрсетті. Интернат тәрбиеленушілері ұлттық сұңқармен аң аулау өнері туралы дәріс алды, жыртқыш құстарды ұстап көрді, батырлармен тілдесіп, палуандар күресін тамашалады. «Аңырақай» шоуында алау ұстаған сегіз сарбаз Аңырақай шайқасында қазақтар мен жоңғарлардың қалай соғысқанын көрсетті. Барлық көрсетілімдер сол тарихи оқиғалар туралы әңгімелерімен толықтырылып отырды.

Гүлнар Каимовна

 Қаскелен интернатының директоры

Наурыз мейрамы әр тәрбиеленушінің жүрегінде өз ізін қалдырды, тіпті әлі күнге дейін, сегіз ай өткеннен кейін, оқушылар есінде. Балаларының қалай көңіл көтергенін білген кейбір ата-аналар көздеріне жас алды. Арқан тарту, садақ тарту, асық ойнау ойындар қатты ұнады. Балалар мейрамнан оралғаннан кейін, кімнің жебесі нысанаға дәл тиді, батырлармен түскен суреттің қайсысы жақсы екендігі туралы ұзақ әңгіме айтты. Шеберлердің балаларды қазақ қолөнерімен таныстырғаны жақсы болды. Олар зергерлік шеберлік сабағын өткенде, біздің Кұланшиев Нұрсұлтан есімді оқушымыз анасына әдемі білезік жасап берді. Күлкілі жағдайлардан құр емеспіз. Оқушымыз Нұрғали Назерке қыш құмыра жасап жатырған кезде сазды қолынан түсіріп алды, балшық пен құмыраның бөліктері сол жердегі барлық оқушылардың үстіне жағылып кетті. Барлығы күлді. Интернат балалары үшін осындай іс-шаралар өте маңызды. Олар тек бір-бірімен сөйлесіп, естеліктерімен бөлісіп қана қоймай, жаңа нәрселерге де үйренеді.

Интеллектуалды бұзылыстары бар балалар интернат үйлерінің тәрбиленішулерінің аз пайызы ғана отбасы құрып, жұмыс таба алады. Бірақ бұл осындай балаларда балалық шақ болмау керек деген сөз емес.

Күлімсіреу күні

Алматы облысы мен Алматы қаласының балалар үйлерінің 450 тәрбиеленуішісі «Алматы фантазия әлемі» саябағында күлімсіреу күнін атап өтті. Алматы қаласының №1 мен Алматы облысының №1 балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, «Жанұя» мамандандырылған кешені мен SOS Алматы балалар ауылының балалары, сондай-ақ «Нур» және «Ковчег» Талғар балалар үйінің тәрбиеленушілері қонақ болды.

Балаларға арналған бірінші мерекені «Аяла» қоры 2008 жылы ұйымдастырды. Сол кезден бері іс-шара оқушылардың асыға күткен мерекесіне айналды. Осы күні олар саябақ аттракционында шектеусіз ойнай алады.

Ләззәт Әскергалиева

«Жанұя» мамандырылған кешенінің директоры

Біздің «Жанұя» мамандандырылған кешеніне жетім балалар үйі мен ата-ана қамқорлығысыз қалған балалар үйі, интеллектуалды бұзылыстары бар балаларға арналған түзету мектеп-интернаты кіреді. Бізде 382 бала тәрбиленіп жатыр, оның 70-ісі — жетімдер мен ата-ана қамқорлығысыз қалған балалар. Сол балалар үшін «Аяла» қоры «Күлімсіреу күнін» өткізеді. Балалар үшін бұл мейрам өте маңызды, себебі осылайша олар үлкендердің қамқоры мен демеуін сезіне алады. Балалар үшін бұл күн — ең жарқын, есте қалатын күн. Олар шақыру билеттерін алдын-ала алады, көбісі оларды сақтап қояды. Балаларға көліктер беріледі, ал саябақ алдында оларды балмұздақпен қарсы алады. Күні бойы балалар әртүрлі әткеншектерде ойнайды, оларға мейрамдық түскі ас беріледі. Балалардың қуанышында шек жоқ, өйткені бұндай мүмкіншілік күнде бола бермейді — барлығы бақытты. Күлімсіреу күні — балалардың басқа балалар үйлерінің тәрбиеленушілерімен кездесе алатын күн. Ол жерде біреуінің достары, ал кейбіреуінің аға-әпкесі бар. Мұндай кездесулер сирек ұйымдастырылып тұрады, сондықтан олар жаңалықтармен бөлісіп, бір-бірімен әңгімелесуге тырысады. Осындай іс-шаралар біздің балалар үшін өте маңызды, себебі саябақта өткізілген бір күн оларға қуаныш, күлкі мен бақыт сыйлайды.

Батпырауық фестивалі

25 қазан күні №10 аз қамтылған отбасы балалар интернатының 50 тәрбиеленушісіне арналған батпырауық фестивалі өтті. Samsung Electronics Central Eurasia-мен біріге отырып, қайырылымдылық қоры квест ұйымдастырды. Бұл квестте үш топ база территориясында жасырылған, ішінде тапсырмалар жазылып тұрған арнайы хаттарды табуы керек. Оларды орындай отырып, балалар ұпай жинайды. Сұрақтар әр түрлі болатын: география, тарих пен замануи өнерге қатысты болды. Балалар ойыншық автоматтан нысанаға атып жарысты, отырып тұру жаттығуларын орындап, жағажайда жасырылған қазына іздеді. Екі сағаттық физикалық белсенділіктен кейін балалар әр түрлі тағамдар мен тәттілерден дәм татты. Мейрам жағажайда бітті — балалар батпырауықтарын ұшырды.

Оразбике Сәрсенбаева

№10 интернатының оқу ісінің меңгерушісі

Мен аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларға арналған мектеп-интернатта әлеуметтік педогог болып жұмыс істеймін. Біздің интернатта 6-15 жас аралығындағы 256 бала тәрбиеленеді. Бұл жерде әр түрлі балалар оқиды: біреулерінің отбасы толық емес, ал біреулерінің отбасысы көпбалалы. Әр тәрбиеленушінің жағдайы ауыр: олардың 90 %-ы баспанасы жоқтар немесе бірнеше адамға кішкентай бөлме жалдап тұрады.

Сондықтан біздің оқушылар фестивальге шақырылғанын білгенде, барлығы қатты қуанды. Барлығы жарыстарда өздерінің білімдерін көрсетіп, музыкалды ойындарға қатысып, дәмді бауырсақтар немесе торт жегілері келді. Бұл шара балалар үшін маңызды: Олардың өмірлері ауыр, ата-аналары оларды барлығымен қамтамасыз ете алмайды. Кейбіреуі үшін таңда үйде шәй ішу — арман. Балалар осындай шараларға тағдырдың сыйы ретінде қарайды, сондықтан келесі жылды асыға күтеді.

Ардагерлерге көмек

Ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтау

Жеңіс күніне арналған парадтарға қатысатын ардагерлер саны жыл сайын азайып бара жатыр. Олардың 17-сі Қазақстанның оңтүстік-шығыс өңірлерінде, ал 50-і Алматыда тұрады. Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы соғыс ардагерлерін, еңбек арадагерлері мен ардагерлердің жесірлерін құттықтайды — жылдық азық-түлік қорымен қамтамасыз етеді. Олардың ішінде ұн, жарма өнімдері, күнбағыс майы, шәй, консервтер мен тәттілер бар.

Иван Данилович

Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері

1943 жылдың 7 ақпанында әскерке шақырылып, Шығысқа аттандым. 1945 жылдың 9 тамызында бізді Манжурияға әскери операцияға жіберді. Харбинға дейін жаяу бардым, сол жерден Жалантунға, содан кейін Цицикарға дейін бардым. Ол жерде миллиондық квантун әскерінің базасы орналасқан еді. Сол жерде 1945 жылы 3 қыркүйек күні Екінші дүниежүзілік соғыс біткен еді. Біз Цицикарда қалдық, ал біздің батальон қалған жапон әскери техникасын жойды. Мен сол қалада 1948 жылға дейін, американдықтардың КСРО-ға қарсы соғысты қайта бастауын тоқтатқанға дейін болдым.

Мобилизациядан кейін Ақмола облысына келдім, осы жерде КСРО МҚМ қоғамдық тәртіп сақтау желілік бөлімінде жұмыс атқара бастадым және 1980 жылға дейін жұмыс жасадым.

80-інші жылдарға дейін соғыс ардагерлерімен ешкім айналысқан жоқ. Кейін жеңілдіктер пайда бола бастады — Кеңес территориясындағы әуе мен темір жол көлігінде жүру тегін болды. Кейін бізге ай сайын 15 есептік көрсеткіш төлене бастады, олар біздің зейнетақымызға үстеме болды.

Зейнетке шыққаннан бері Ардагерлер кеңесінде жұмыс жасаймын, 2000 жылдың желтоқсанында төраға болып сайландым. Сол кезден бері ардагерлерге көмектесетін демеушілер іздеп жүрмін.

Сегіз немесе он жыл бұрын мен жолда кезігетін әр компаниядан көмек сұрау үшін үйден шықтым. Әл-Фараби көшесінде төрт үлкен ғимаратты көрдім, қабылдау бөліміне кіріп, неге келгенімді айттым. Қыздар менен күте тұруымды сұрады, «Қазір біреу келіп, сізбен сөйлеседі» деп айтты.

Маған Гуля келді, мен өзімді таныстырып, құжаттарымды (соғыс ардагері құжаты, жеке куәлік, Ардагерлер кеңесінің төрағасы куәлігі) көрсеттім. Мен одан «Компания кеңеске қаржылай көмектесе алады ма?» деп сұрадым. Ол басшылықпен сөйлесуге кетіп қалды, біраз уақыттан кейін келіп, «Ақша бере алмаймыз, бірақ техника жағынан көмектесе аламыз» деді. Мен бұл ұсыныстан бас тарттым, себебі біреу кір жуғыш машина алса, ал қалған 600 адам ештеңе алмайды.

Біз азық-түлік себеттерін жасап, 9 мамырда барлық соғыс ардагерлеріне таратып жүрміз. Бұрын кеңесімізде 52 ардагер болатын, ал қазір тек үшеу қалды.

Әр жыл сайын 50 шақты азық-түлік себеті таратылады. Бір себеттің бағасы — 50 мың теңге шамасында. Ол үш адамнан тұратын отбасыға жарты жылға жетеді. Оның ішінде жарма өнімдері, макарон, май, қант, бір килограмм кәмпит, ет және балық конвервілері бар.

Ардагерлер кеңесінің мүшелері азық-түлік себетеріне байланысты сұхбат беруден қорқады, себебі олар сол себеттерден айырылып қаламыз деп қорқады. Азық-түлік себеттері — бізге өмір берген сый.

Онкологиялық орталықтарға көмек

SMART SCHOOL ҰЙЫМЫ БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА

Бесінші маусым күні бірінші рет Алматы педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында «Smart School» инновациалық сыныбы ашылды. Жүзден астам мектеп және мектепке дейінгі жастағы пациенттер жалпы білімдік пәндерді оқиды, сондай-ақ ағылшын тілі, сурет салу, робототехника, лего құрастыру, шахмат пен дойбыдан сыныптан тыс дәрістер алады.

Бірінші осындай сынып Астанада Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығында ашылды.

Шара

Менің балам Алтай небәрі он жаста. 2017 жылы 17 наурызда оның диагнозы анықталды — асқынған млелоид лейкозі. Наурыз-шілде аралығында біз негізгі емді алып, химиотерапиядан өтіп, емделіп шықтық. Бірақ біздің қуанышымыз ұзаққа созылмады. 11 айдан кейін ауру қайталанды, осы жылдың маусымнан бастап институтқа қайтадан жатуға тура келді.

Әр күніміз бір түрлі өтті. Таңғы сағат жетіде тұрып, он екіге дейін емдеу процедураларынан өтеміз, ал кейін түскі ас пен демалыс уақыты. Тек смарт сыныптардағы сабақтар ғана баламның көңіл-күйін көтере алды. Бұл смарт сабақтар болмаса, оны қалай сергітер едім, білмеймін. Балам әр күні мұғалімдерді асыға күтеді, сабаққа асығады. Егер анализдер жақсы болса, Алтай өзін жақсы сезінсе, біз ол жерде жарты күнімізді өткіземіз. Көбінесе ол лего құрастыру мен сурет салу сабақтарына асығады, ал одан үлкен балалар ағылшын тілін оқығанды ұнатады.

Смарт сыныптар балаларға әсер етеді және бұны тек ата-аналар мен дәрігерлер ғана байқай алады. Балалардың көніл-күйі көтеріледі, ал анализдер жақсара түседі. Бұндай сыныптардың онкоорталықтарда болуы маңызды, себебі онкологиялық ауруханаларда емделушілер төрт қабырға мен дәрігерлерден басқа ештеңе көрмейді. Ал осылайша балалар ойын ойнап, жаңа нәрселер үйренеді, баланың көңілі бөлінеді. Смарт сыныптар болмаса, күніміз қызықсыз өтер еді, ал бұл күндер ауру мен аналардың көз жасымен өтеді. Мен бұл туралы көз жасымсыз ойлай алмаймын.

Біз балалармен бірге қуанамыз. Енді олар емделуге жаза ретінде қарамайды, емделу — олар үшін сабақтар арасындағы үзіліс. Балам терапия кезінде уақыт санап, сыныпқа асығады, сыныпқа кіргенде, мәз болады.

Менің балам миелодиспласт синдромымен ауырады. Сүйек майының жұмысы бұзылады және қан жасушасының бірнеше түрі: тромбоцит, лейкоцит, эритроцит біркелкі қалпына келмейді. Ол небәрі тоғыз жаста.

Біз ауру жайлы осы жылдың қарашасында білдік. Диагнозды естігенде,  не істерімізді білмедік. Дәрігерлермен байланыспағанда, аурумен күресуді бастау қиын болар еді.

Бірінші аптада біз үйрену үстінде болдық, терапия арасында ауруханамен «таныстық». Смарт сыныптарды, оның ішіндегі күліп-ойнап жүрген балаларды көрдік. Бірінші сабақта қызым ұзақ отыра алмады, бірақ кейін үйреніп кетті. Қазір емделу процессінің біткенін асыға күтеді.

Тәрбиеші Гулжан Саденова әр балаға уақыт бөлуге тырысады. Баланың көңіл-күйі жақсы болса, ол тез сауығады.

Баланың назарын басқа нәрсеге аудару — ауру кезіндегі маңызды фактор, себебі балалар жанама әсері көп дәрілер қабылдайды. Бірақ олар смарт сыныптарда басқа әлемге аттанып, ауру мен аурухананы ұмытады.

Балалар бірге уақыт өткізген кезде, бір-бірімен танысады, достар табады, бұл олар үшін өте маңызды. Сондықтан барлық онкологиялық орталықтарында осындай смарт мектептердің ашылғанын қалайсың.

Баян

Оқушыларға көмек

Coding Lab

Coding Lab — 14-20 жастағы оқушылар мен студенттерге бағдарламалаудың заманауи тілдерін үйрететін курстар. Сабақтар Java, Android қосымшаларын жасау, компьютерлік графика мен дизайнға қатысты.

Coding Lab-қа қатысу тегін. Курсқа жазылу үшін сайтта тесттен өтуіңіз керек. Кейін студенттер матемитика мен бағдарламалау негіздерінен емтиханнан өтуі керек. Емтихан нәтижелері бойынша оқушылар Coding Lab-қа қабылданады. Әр сабақта оқушыларға үй тапсырмалары беріледі, ал соңында оқушылар Samsung Android мобильді қосымшасын жасайды. Сабақтар екі сағаттан екі рет өтеді. Оқыту орны — Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Samsung инновациялық академиясы».

Эмир Ушуров

Мен 15-гимназияда оқимын және үш жыл бағдарламалаумен айналысамын. Бағдарлама туралы білгенде, осы жерге барғым келетінімді түсіндім. Тесттен өттім, ол жеңіл болды, 30 баллдан 26 балл жинадым. Маған жобаларды жасаған қатты ұнайды. Coding Lab-та бізге тапсырмалар беріледі, оларды біз бір апта ішінде орындауымыз керек. Қазір ОС Windows-қа арналған жобаларды іске асырып жатырмыз. Мысалы, калькулятор жасауға мен небәрі бір сағаттай уақыт жұмсадым, бірақ нәтижесінде қолдануға оңай, ыңғайлы калькулятор пайда болды. Organization жобасы — бұл қызметкерлерді басқару жүйесі, ол жерде қызметкерлердің деректерін бақылауға болады. «Автопарк» бағдарламасы бар, ол да солай жұмыс жасайды. Бірақ, шындығында, қызметкерлер орнына автомобильді аламыз. Қазір біз Android қосымшаларын жасауға кірістік, жақында жаңа қызықты жобалар пайда болады.

Мамандықтарына қарамастан, бағдарламалау адамдардың зияткерлік қабілетін арттырады. Болашақ — солардың қолында. Оқушыларға оқу оңай, сондықтан оларға бағдарламалауды мектепте үйрету керек.

Мен №134 лицейдің 10-сынып оқушысымын. Бағдарламалауға бір жыл бұрын қызыға бастадым, алайда бұрын ол маған түсініксіз жалғыз пән еді. Тоғызыншы сыныпта C бағадаламалау тілін үйрендік. Тапсырмаларды сол тілімен шешу мен бағадаламалар жасау әр сабақ сайын қызықтыра бастады.

Coding lab-та мені ең алдымен Java бағдарламалау тілі, дизайн мен Android қосымшаларын жасау қызықтырды.

Тест қиын болмады: бірінші тапсырмалар қарапайым логикалық тапсырмалар болатын, ал келесі тапсырмаларды орындау Java тілін білмегендіктен қиынырақ болды. Бірақ тапсырмаларды шешудегі қағида бір болатын, сондықтан оларды орындай алдым. Ең соңғы тапсырма бағадарламаларды кез келген тілде жазып шығу керек болатын, олар барлық берілген тапсырмаларды шеше алатын еді. Барлық жерде бағдарламалаудың негізгі тақырыптары қолданылды.

Маған AndroidStudio қосымшаларын жасау ұнайды. Мен бұндай бағдарламалар жасау оңай екенін білмемпін. Бір сабақта біз тағам мәзірін жасадық, ол мәзірді себетке салуға болады, нәтижесінде керекті төлемақы сомасы шығады. Ең қызықты жоба — мәтінді тергеннен кейін, оны әйел дауысы дыбыстап оқитын қосымша.

Қазіргі таңда барлық жұмыс автоматтандырылған, ал IT мамандықтары өте танымал. Сондықтан бағдарламалауға биология немесе физикаға бөлінетіндей уақыт бөлу қажет. Болашақта барлық ауыр жұмыстарды жасайтын машиналарға арнап бағадарламалар жасайтын адамдар қажет.

Әйгерім Асылханова

Дәурен Құрманов

Мен 111-гимназияда 11-сыныпта оқимын. Мектептегі информатика сабағында-ақ маған Microsoft Office-пен жұмыс жасағаннан гөрі, код жазған ұнайтын еді. Сондықтан Coding Lab туралы білгенімде, бағадараламалау негіздері туралы сертификацияланған білім алуға керемет мүмкіндік деп ойладым. Әрине, өз бетімен оқып, дәл сондай сертификат алуға болады. Бірақ өз бетімен оқу маған қиынға соғады, себебі кеңес алар ешкімім жоқ және оқу үшін өзімді ынталандырар алмайтын едім.

Кейбір сұрақтардың қисынсыз болғандықтан, білімім аз болғандықтан, мен аз балл жинадым. Екінші тестілеуден де осындай мәселелерім болды, сондықтан тесттен өту қиын болды.

Біз бағадарламаны толық өтпедік, бірақ уақыт өте келе барлығы қиындай түседі. Маған осы ұнайды. Жоба жұмысы, яғни курстың қорытынды кезеңі маған қатты ұнайды деп ойлаймын.

Мен өзіндік бір нәрсе жасағым келеді, мысалы, бірегей механикасы бар ойын. Бірақ оны бірнеше айда жасап бітіру өте қиын, сондықтан ойынды жасай аламаған жағдайда іске асыра алатын идеялар ойлап тауып жатырмын. Әрине, смартфон ойындарын жасау мақсаты — жүзеге асуы қиын мақсат, бірақ мен жасап көргім келеді.

Бағдарламалау — өте маңызды қызмет алаңы. Онымен мыналар байланысты: ақпараттық қауіпсіздік, бағдарламалық сәулет өнері немесе дизайн, сайт, ойын, қосымшалар жасау. Басқа мемлекеттерден қалмау үшін, шет елдік бағдаламаларшыларды қымбатқа жалдамау үшін, олармен бәсекелесе алатын өз мамандарымызды жетілдіруіміз керек.

МАТЕРИАЛ ҚОЛДАУЫМЕН ЖАСАЛДЫ