Ню жанрында түсірілімге қатысқан үш бойжеткенмен сөйлесіп, достарының көзқарасы, түсірілімге барған себептері және өздерін қалай қабылдайтындары жайлы білдік.

Айша, 20 жаста

Ұят — бұл тек қыз балаларға ғана артылған салмақ

Мен фотографпын, алайда өзім ешқашан суретке түскен емеспін, себебі қысылатынмын. Мен үнемі адамның тәнін емес жанын түсіретін адам табылса деп армандайтынмын. Бірде үстіне тек қана пальто киген қыздың суретін көрдім, Инстаграмға осыған ұқсас кадр жасауға ұсыныс білдірген пост салдым. Маған Юрий деген ер адам жауап жазып, түсірілімге шақырды. Бұл мен үшін қуанышқа толы тосын жағдай болды, өйткені бұған дейін де оның профилін қарап жүретінмін, жұмыстары қатты ұнайтын.

Біз күзгі демалыстырдың бірінде таңертең кездестік. Мен қобалжумен болдым — ешқашан суретке түсе алған емеспін. Өзіме қарай қолына фотоаппарат ұстаған жігіттің келе жатқанын көргенде: «Құдайым-ау» деген ойға қалдым. МЕН БІР ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМ КЕЛЕТІН ШЫҒАР ДЕП ЕЛЕСТЕТКЕНМІН. АЛ ЮРА ҰЗЫН БОЙЛЫ, ӘДЕМІ ЖІГІТ БОЛЫП ШЫҚТЫ.

Біз таңғы ас ішіп, Әл-Фараби даңғылы арқылы жүрдік. Кафеде отырғанда-ақ мен кофтам мен майкамды шешіп тастап, жалғыз пальто және шалбармен қалған болатынмын. Алаңдардың бірінде фотограф кеудемді ашық қалдырып, татуировкамды көрсетуді өтінді — тура сол кезде қасымыздан қыздар өтіп бара жатқан болатын, олар менің іш киімсіз екенімді байқап қалып, күліп жіберді. Біз бір-бірімізге қарадық, екеуіміздің де ұялып тұрғанымыз белгілі болды.

Юра маған ұялмауға кеңес берді, барлығының омырауы бірдей, онда тұрған ештеңе жоқ деп түсіндірді. Жарты сағаттан соң мен тоңып кеттім, қалған суреттерді оның үйіне барып түсірдік. МАҒАН ҚИЫН БОЛДЫ: МЕН ӨЗ ДЕНЕМНЕН ҰЯЛАТЫНМЫН, АЛ БӨТЕН АДАМНЫҢ БОЛУЫ ЖАҒДАЙДЫ ОДАН САЙЫН ЫҢҒАЙСЫЗ ҚЫЛА ТҮСТІ.

Фотограф байсалды қалпынан танбады және маған сен әдемісің, жассың, өзіңді жақсы көруді үйренуің керек дегенді қайталаумен болды. Бұл маған көмектесті. Фототүсірілімнен кейін өзімді сенімді ұстай бастадым, алайда бұл жасқаншақтық менде бала кезден бар болатын. Үнемі ап-арық болдым, әпкелерім қалжыңдап мумияға, қаңқаға теңейтін. Түсірілімнен кейін ню жанрының да нағыз өнер екенін түсіндім, ол адамның шынайы күйін көрсетеді. Мен нудист емеспін, алайда нудизмді ұстанатындарға құрметпен қараймын.

Фотографияларды жабық инстаграмға салдым. Алдын ала мазақ қылулары немесе жағымсыз қабылдаулары мүмкін барлық ағаларым мен басқа да адамдарды өшіріп тастадым. Достарым мен таныстарыма суреттерім ұнады, біреуі тіпті «емшегіңнің ұшы ерекше екен» деген пікір қалдырды. Туысқандарым көрген жоқ, олар тіпті татуировка жайлы да білмейді. Мен нағыз қазақша тәрбиеленген отбасында өскенмін, анам әжептәуір қатал, дін ұстанған адам. Ол менің біртүрлі шығармашылық адамы екенімді түсінеді, дегенмен де шиеленістер болып тұрады. Әкемді білмеймін, ата-анам ерте ажырасып кеткен. Меніңше, оның өмірімде болмағаны да жасқы секілді, әйтпесе, татуировка да, сауық-кештер де, өзіме тән өмір салтым да болмас еді.

Егер анам фото немесе татуировка туралы біліп қойса — оған амалсыз көнуге тура келеді. Мен саналы түрде таңдау жасадым, ОНЫҢ ҮСТІНЕ ПОРНОҒА ТҮСІП ЖАТҚАНЫМ ЖОҚ ҚОЙ. Тіпті, мені үйден қуып жіберсе да, соншалықты қорқынышты ештеме жасаған жоқпын деп есептеймін.

Ұят — бұл тек қыз балаларға артылған ауыр салмақ. Әйел адамдарға патриархаттың көлеңкесінде өмір сүру өте қиын, шын мәнінде біз де мықтымыз және тамаша дүниелер жасай аламыз. Әзірге тек керісінше болып жатыр.

Менің Есікте тұратын құрбым бар, бұл шағын қала, онда бәрі бірін-бірі біледі десе де болады. Мен оған барған кезде ол мені біреулер танып қоймауы үшін темекіні ең шет жақтағы дүкеннен сатып алуға мәжбүрлейді. Ол үшін бәріне жақсы болып көріну аса маңызды, бұл жағдай маған тіпті қорқынышты көрінеді. Ішімдік ішпейтін, шылым шекпейтін, сауық-кештерге бармайтын қыздың образын ұстану адамды есінен тандыруы мүмкін ғой. Мысалы, мамам маған тұрмысқа шыққанша пән болуың керек дегенді миыма құя беретін. Мектепте жүргенде мен де барлық қыздар секілді тек қана күйеуіммен қосыламын деп ойлайтынмын, алайда бәрі басқаша болып шықты. Қыздығымнан 19 жасымда айырылдым, оған ұзақ дайындалдым: көп оқып, ақпараттар жинап, кеңес алдым.

Айтарлықтай жыныстық білімім болған жоқ, барлығын өздігімнен ізденуге тура келді.Тіпті, сегізінші сыныпта етеккірім келген кезде, маған ешкім ол туралы айтқан емес. Анам іш киімімдегі қанды көріп, жігіттермен жатасың ба деп сұрады. Сол кезде бұл сұрақты қойып тұрған мүлде бөтен адам сияқты болып көрінді, дегенмен де әдетте анам екеуіміздің қарым-қатынасымыз жақсы болатын.

Сол жағдайдан кейін қандай да бір ішкі күйзелісімді басқаларға ашу мен үшін қиынға соғады. Мен түрлі іс-шараларды жиі суретке түсіремін, үйге кеш ораламын — осыдан кейін анам үнемі соңғы етеккірің қашан келді деп сұрайды. Ол менің жүкті болып қалуымнан қатты қорқады. Тіпті, қатты ашуланған кезде ОСЫДАН ЕКІҚАБАТ БОЛЫП ҚАЛЫП, МЕНІ КӨРДЕН БІР-АҚ ШЫҒАРАРСЫҢ деп айтқан кездері де болды.

Бірде суық тиіп аурып қалдым да, несеп жолым шыдатпай ауырды. Ол туралы мамама айтқан жоқпын, өйткені ол міндетті түрде гинекологқа алып барар еді. Мен қатты қиналдым, өзімді жалғыз сезініп, жаным мен тәнімнің ауруы қосылып жыладым. Мен өз баламның басынан мұндай жағдайлардың өткенін қаламаймын.

Зоя, 35 жаста

Менің ню жанрындағы алғашқы тәжірибем: төрт жасымда, Қаратеңіз жағалауында болды. Ол уақыттарда балалардың жағажай маңында жалаңаш жүгіріп жүргендері қалыпты жағдай болатын. Сол кездер өмірімнің ең керемет сәттері ретінде есімде қалған, сондықтан да жылы теңіз маңында өмір сүргенді жақсы көремін.

Ересек кездегі ню-фото бір айға жуық балийлік серфер жағажайда жатқан уақытта жасалды. Ол жақта мен көп жүзіп, билеп, серфимен айналысып, әрине осыдан соң күнге жақсылап күйдім.

Қараша айында Алматыға қайтып оралғанымда, шоколад секілді болдым. Құрбым Аня Батиста (қазір Аня Кучина) терімнің түсі өзгермей тұрғанда жылдамдатып түсірілім жасауды ұсынды. Процесс өте қызықты әрі еш қорқынышсыз жүрді, түсірілім кезінде жай ғана импровизациямен айналыстық.

Мен күнге әдемі күйген денемді естелікке қалдыру үшін суретке түстім. Денем ешқашан ондай болған емес, күн жоқ кезде ол бірден ағарып шыға келеді. Достарыма суреттерім ұнады — ЖАЛАҢАШ СУРЕТТЕРДІ БӘРІ ТӘУІР КӨРЕДІ ҒОЙ. Осыншалықты күшті қай жақтан жинап алғанымы сұрап жатты. Айтпақшы, бұған йоганың қосқан үлесі мол. Тек бір ғана жағымсыз пікір болды: азамат сексуалды екенімді көпшілікке паш еткендіктен, жалған феминизм үшін кінәлады. Мен оның пікірін негізсіз деп есептеймін, өйткені феминизм сексуалдылыққа қарсылық деген сөз емес, ал бұл мүлде секс туралы емес, нақты сурет. ОНЫ ТІПТІ ФЕЙСБУК ТЕ ӨШІРМЕЙДІ.

Меніңше, Қазақстандағы ұятшылдықтың себебі отарлау саясатынан кейін пайда болған қоғамның ескілікті ұстануымен байланысты секілді. Тым ауыр моральдар, сексуалдылық пен жалаңаш денеге тыйым салу ешқашан жақсылыққа апарған емес, апармайды да. Зерттеулер сексуалды негізде пайда болаты түрлі ақаулар мен жүйке аурулары дәл осы сексуалдылықты бетіне басып, жасыруға тырысатын елдерде көбірек орын алатынын дәлелдеген. Себебі бұл біздің ең күшті энергиямыз, оны қарапайм тыйыммен жаншып тастау мүмкін емес. Бұл тұрғыдан алғанда ең сау психиканы — нудистер мен натуралистер ұстанады, олар жалаңаш денені сексуалдылықпен байланыстырмайды және өмірде адамдардың ешкімге ұқсамайтын дара болу құқына құрметпен қарайды.

Қазақстанда әйелдерге қысым жасаудың кеңінен белең алуы (БАЙҚАСАҢЫЗДАР, БІЗДІҢ ЕЛДЕ ҰЯТТЫҢ ЕРЛЕРГЕ ЕШ ҚАТЫСЫ ЖОҚ, ОЛ ТЕК ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ) гендерлік зорлықпен байланысты. Көп жағдайда ешқандай жазаға ұшырамайтын зорлық көрсету және үй жағдайындағы қысым, жыныстық тәрбиенің жоқтығы салдарынан пайда болған ерте жүкті болып қалу, тұрмысқа шықпаған, қолында жас баласы бар әйелді ешкім отбасына қабылдамайтындықтан, жөргектегі баланы тастай салу — осының бәрі біздің елде «ұят» деп аталатын құбылыстың нәтижесі.

Гаухар, 24 жаста

Меніңше, біздің елімізде ұят тақырыбы өзекті болатын себебі, еліміздің әлі жас болуымен байланысты сияқты

Алғаш рет нюге 2016 жылы Миланда түстім. Фотограф мені фейсбуктен тауып алып, үш-төрт ай бойы түсірілім жасауды ұсынып келді. Бірінші хатын алғанда бірден бас тарттым. Бірақ ұсынысын қайталаған сайын ойлана бастадым. Бұл мен үшін жаңа кезең болатын: Еуропада оқып жаттым, алматылық қоғам, ата-анам, тыйымдар мен ережелерден шалғайда, өзімді басқа қырынан таныдым, сондықтан да болар, ақырында келісімімді бердім.

Әрі суретші, әрі фотограф болған ол Миландағы Брер суретшілер академиясын (Accademia di belle arti di Brera) аяқтап жатыр екен. Біз фотолардың оның портфолиосы мен сайтынан басқа еш жерге жарияланбайтыны жайлы шарт жасасып, барлығын алдын ала келісіп алдық.

Мен өзім үшін түсуге шешім қабылдадым. Процесс барысында өзімді қалай ұстайтыным, қандай қорытынды шығаратыным қызықты болды. Студияда музыка ойнап тұрды, жалпы орта жағымды еді. АЛҒАШҚЫ ОН БЕС МИНУТТА ӨЗІҢДІ БОС ҰСТАУ ҚИЫНҒА СОҚТЫ, БІРАҚ ӨНЕРДІҢ БІР НЫСАНЫ ЕКЕНІМДІ ТҮСІНГЕН УАҚЫТТА, ЕРКІНДІККЕ БОЙ АЛДЫРА БАСТАДЫМ. Бұл суретші Нобуёси Аракидің табынушысы екен, суреттер де сол стильде түсірілді.

Негізі, бұл әрекетім өзімді қабылдау жолындағы маңызды қадам болды. Миланда жүргенде сегіз килограмға салмақ қосып алғаныма қарамастан, суреттерді тамашалап отырып, өзіңді осы қалпыңда қабылдай білу керек екенін түсіндім.

Осы фотосессиядан кейін қоғамдағы ұят мәселесі туралы ойлана бастағанымды аңғардым. Қазақстанда бала кезден емшекқап киіп, тіпті, таза гигиеналық төсемдердің өзін көзге көрінбейтін жерде ұстау керектігін қатаң ескертеді. Мен әлі күнге дейін НЕГЕ ЕТЕККІР ТУРАЛЫ АЙТУҒА БОЛМАЙТЫНЫН, НЕ СЕБЕПТІ ҚЫЗДАРДЫҢ ҚОЛТЫҚ АСТЫНДАҒЫ ТҮКТЕРІ ЖИІРКЕНІШТІ ДҮНИЕ САНАЛАТЫНЫН түсіне алар емеспін. Әйелдің денесінде болып жатқан процестердің бәрі табиғи дүние және қоғам соны түсінуі қажет. Неге қоғамдық дәретханаларда дәретхана қағазы, сабын және сүлгі бар да, төсемдер мен тампондар неге жоқ? Біздің елімізде қыздар өте ұялшақ болып бойжетеді, не нәрседе ыңғайсызданып тұрады. Қазір мен тіпті тырнағымды алмаған күннің өзінде қысқа шолақ шалбар кие беремін. Супермаркеттен гигиеналық төсемдерді алған кезде асықпаймын, қысылып-қымтырылмаймын. Басқа қыздарға да өздерін бар болмысымен қабылдап, күтім барысын, мысалы, депиляцияны бітпейтін квестке айналдырмай, жеңіл қабылдауды үйрену қажет.

Ню-фотографияларды тек достарым, туған ағам мен анам ғана көрді. Әкеме көрсеткен жоқпын. Оның мені кінәламайтыны белгілі, дегенмен есеңгіреп қалатыны да өтірік емес. Осы фотосессиядан кейін, ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДА АҒАМ ЕКЕУІМІЗ (ОЛ ФОТОГРАФ) ТАҒЫ БІР ТҮСІРІЛІМ ЖАСАДЫҚ. Ол Олег Зуевтің студиясында өтті, процесс барысында тағы бірнеше адам болды, бірақ мен өзімді жақсы сезіндім.

Кейін Виталий Угай (Electric Child орындаушысы) мені мен тағы бір қызды клипке түсуге шақырды. Мен бірден қасымдағы қыз әдемі әрі үстінен жағымды иіс шығып тұрса ғана клипке түсетінімді ескерттім. Гүлнара өмірде суретке қарағандағыдан да әдемі, әрі сүйкімді болып шықты. Клип үшін біз құшақтасып, сүйісіп, тіпті, душ ішінде де бірге түстік. Бірнеше айдан кейін Виталий видеоны желіге салды — сонымен басталды. ОҒАН ТҮРЛІ ДІНГЕ ТАБЫНУШЫЛАР, ТҮСІНІГІ БІРТҮРЛІ АДАМДАР ЖЕКЕСІНЕ ЖАЗЫП, ӨЛІМ ТІЛЕП, ҚАРҒАП-СІЛЕУМЕН БОЛДЫ. Кейбіреулер тіпті сотқа береміз деп қорқытты.

Меніңше, бізде ұяттың өзекті болуы еліміздің әлі жас екендігімен байланысты секілді. Бізді еуропалықтармен салыстырудың қажеті жоқ. Олар да дәл осындай экономикалық, ментальды және саяси кезеңдерден өткен. Мүмкін, бір-екі буыннан кейін біздің адамдар да ашыла түсер. Дәл қазір бірдемені талап еткеннен түк шықпайды. Көпшілікке ұлттық телевидение, әртістер ықпал ете алады, алайда ол жақтағы өнімнің сапасы қандай екенін өздеріңіз де түсініп отырсыздар ғой. Мәселе әйелдердің өздерінде де жатыр, олар ерлерінсіз де қалағандарына қол жеткізе алатындарына сенбейді. ӘЙЕЛДЕР ӨЗДЕРІНІҢ КҮШТІ ЕКЕНДЕРІН, БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТТАРЫ БАР ЕКЕНІН ТҮСІНГЕН УАҚЫТТА — БАРЛЫҒЫ ӨЗГЕРЕДІ. Біздің елімізде әйел затының тағдыры оңай емес, ер адамдар оларға құрметпен қараулары керек. Сондықтан да мен саналы түрде қазақ жігіттерімен кездеспеймін және күндердің бір күнінде тұрмысқа шығатын болсам, өзге ұлттың азаматын таңдаймын.


Фотосуреттер: 1-3 — Юра Матиюн, 2 — Аня Кучина