Боди-уқалау — бұл уқалаудың эротикалық түрі. Оны жасау үшін май мен жалаңаш дене ғана керек, бірақ клиенттің емес, арнайы үйретілген қыздың денесі. Алматыда осындай қызмет түрін ұсынатын арнайы салондар бар. The Village Қазақстан бір кездері боди-уқалаумен айналысқан Алматылық қызды тауып, оның әңгімесін қағазға түсіріп алды.

Боди-уқалаушы атану үшін не істеу керек?

Мен 22 жаста болатынмын, төрт жыл Алматыда тұрып, оқу оқып жаттым, Отбасым басқа қалада, қайта-қайта олардың бюджетіне ортақтаса бермеу үшін үнемі жұмыс іздеп жүретінмін. Бұған дейін промоутер де, официант та болдым.

Тез арада ақша қажет болып жүрген кез еді, бірде «Уқалау жасау салонына қыз бала қажет, тәжірибесі болмаса да болады. Жалақысы — айына 200 000 теңге. Интим ұсынбаймыз!» деген хабарландыруды көзім шалып қалды.

Ешқандай да заңсыз және жаман дүниелер ойламастан, сонда жетіп бардым. Оны қарапайым уқалау деп қабылдадым, себебі бұған дейін басқа түрлері, әсіресе интимді жолдары бар екенін білмеппін. Сұхбаттасу біртүрлі атмосферада өтті: жарық сөндірілген, эротикалық суреттер ілініп тұр, айналада майшам жағылған.

Біз ұзақ отырдық. Сағат түнгі онды көрсетті, студенттер жатақханасы жабылатын уақыт болды, сондықтан да мен салонда түнеп шығуға қалып қойдым. Дәл сол түні екі қонақ қабылдадым: уқалаушы-қыздардың мені он минутқа жалғыз қалдырғандары сол еді, бір шетелдік азамат келіп, бірден уқалауға кірісуді талап етті. Мен қатты қорықтым әрі ұялдым, бірақ оған бәрі ұнады. Бірінші сеансым үшін алғашқы 15 мың теңгемді алдым.

Уқалаушы болу үшін көп ақылдың қажеті шамалы. Жай ғана кез келген «Қыздарға арналған жұмыс, жалақысы 300 000 теңге» деген күмәнді хабарландыруларға хабарласасың. Қатты бір талаптар да жоқ, тіпті, жасың қырықта болса да, тартымды көрінсең, жұмысқа қабылдап, барлық қыр-сырын меңгертіп береді. Майды төгіп алған жағдайда немесе кешіксең айыппұл салады, әйтсе де ұятты сырып тастап, осы жерге келгендегі мақсатың орындалып, лайықты ақшаңды аласың.

Уқалаушы болу үшін көп ақылдың қажеті шамалы

Жұмыс процесі

Маған қарапайым классикалық уқалауды қалай жасау керектігін бірнеше рет үйретті. Ал енді боди-уқалаудың негізгі эротикалық бөлігін көрсете бастағанда, мен қарадан-қарап күле бердім. Көз алдыңызға үш жалаңаш әйелдің маған еркекке қалай ләззат сыйлау керектігін үйрету үшін бірінің үстіне бірі шығып, сырғанап жатқанын елестетіңізші. Үш ай ішінде мен әжептәуір қомақты ақша таптым. Алайда, оларды жинау мүмкін болмады, себебі жеңіл ақша жеңіл жұмсалып кетеді.

Үш жалаңаш әйелдің бірінің үстіне бірі шығып, сырғанап жүргенін елестетіңізші

Бір түндік жұмыстан кейін қалтама 100 000 түскен кездер де болды, нан алатын ақша таппай қалатын кездерім де болды. Осы жұмыстың арқасында бір қыздар машина алып жатты, біреулері сол қалпы ақшасыз жүрді, енді біреулері өз салондарын ашып жатты. Тек бір нәрсені ғана ашық айта аламын — мұндай жолмен ақша табу материалдық жағынан да, рухани жағынан да, психологиялық жағынан да күйзелтіп жібереді.

Егер уқалау туралы айтар болсақ, оның түрлері көп: стандартты «классикалықтан» бастап, дененің белгілі бір мүшесіне, тіпті, сыртқы жыныс ағзаларына да жасалады. Ал енді эротикалық боди-уқалауға тоқталсақ, ол келесідей жүреді: іш киіммен жүрген қыз ер адамға классикалық уқалау жасайды, артынша жалаңаш денесімен немесе стрингимен ғана қалып, жігіттің денесіне өрмелеп, оргазм күйіне жеткізеді. Тұтас процесс енусіз аяқталуы қажет.

Бірде мен атақты тантралық уқалауды да байқап көрдім. Бұл емдік және эротикалық уқалау, оның мақсаты — энергияны босатып, эмоционалды күйді қайта қалпына келтіру.

Клиенттер жайлы

Бұл салонда мен үш ай жұмыс істедім және осы уқыт аралығында түрлі жағдайлар болып жатты. Бір клиент қасына ұйықтағаным үшін 120 000 теңге берді, бірақ бір де бір рет қолын да тигізген жоқ. Бұл жігіт жай ғана мені ұйқыға жатқызды да, түнімен ұйықтап жатқан түріме қарап отырды.

Енді бір жағдайда маған ол жерден кетіп қалуым үшін 300 мың теңге берді. Клиент әдемі, байсалды, табысты қазақ жігіті болатын. Ол маған тек бір рет қана келді, артынша барлық уқалау салондарынан іздеп, бизнестен алып кеткісі келді.

Бір шетелдікпен жай ғана түскі асты бірге қабылдап, транслейтер арқылы: денсаулықтан бастап, Қазақстанның қазіргі саясатына дейін түрлі тақырыптарда әңгімелесетінбіз. Сондай-ақ жас әке, шын мәнінде жарына адалдығын сақтаған азамат болатын, әйелінің көзіне шөп салмау үшін тоғыз жыл бойы эротикалық уқалауларға барады екен.

Әртүрлі еркектер келеді: арасында өзін-өзі ұстай алмайтын ашушаңдар да, үлгілі отағалары да бар. Бағыма орай, маған үнемі ниеті түзу адамдар келетін: біз емін-еркін әңгімелесіп, күліп, жеке басымыздағы немесе отбасындағы мәселелерді сөз қылатынбыз.

Уқалаушылардың әрқайсысына әртүрлі қонақтар бұйыратын: біреулерге есерсоқ, тіпті, ұрлыққа дейін барғандар да тап болып жатты. Кей клиенттер қыздарды зорламақ болып, араларында қол жұмсағандар да кездесті. Осы жұмыста жүріп мен ер адамдарға қатты дауыс көтеруге болмайтынын түсіндім — кейде алдыңда не күтіп тұрғанын білмейсің.


Бір клиент қасына ұйықтағаным үшін 120 000 теңге берді, бірақ бір де бір рет қолын да тигізген жоқ


Еркектердің психологиясы туралы

Ер адамдар мұндай уқалауға сергіп қалу үшін келеді. Оларға жалғыз, қалаулы болған ұнайды. Олар бізге өз қиялдары мен проблемалары туралы айтудан қысылмайды, өйткені мұны ешкімнің біліп қоймайтынына сенімді.

Еркектер өздерінше бағынышты, кейде өздеріне билік жүргізгендерін жақсы көреді. Мұндай жерлерге олар физикалық жағынан да, психологиялық жағынан да босаңсу үшін келеді. Әйелінен немесе сүйіктісінен сұрай алмайтынды бізден алып кетеді.


Еркектер өздерінше бағынышты, кейде өздеріне билік жүргізгендерін жақсы көреді


Әріптестер

Ол жақта тәулік бойы жұмыс істеп, қонақтарды күткен уақытта, әріптестеріңмен танысып, жақынырақ біле бастайсың. Әрқайсының тағдыры әртүрлі екені таңқалдырады.

Бір әйел нашақор күйеуімен арадағы қызды жалғыз өзі тәрбиелеп жүрді, көмек сұрайтын жері болмады. Бір жас әйел эротикалық уқалауды жүктілігінің бесінші айында да жасауға мәжбүр болдыі! Ешкім байқаған жоқ, іші кішкентай еді, әрі өзі оны тартып қоятын.

Салонымыздың қожайыны бұған дейін мұғалім болған және айына 35 мың теңге тапқан. Қыздардың көбі ақша үшін келіп, жеңіл ақшаның жолында қалып қойған. Мұндай орындардың кеңінен таралуының тағы бір себебі — кеше ғана ЖОО-нын бітірген түлектерге жұмыс орнының тапшы болуы.

Жезөкшелік пен боди-уқалау туралы

Жезөкшелік пен біз ұсынатын қызметтің арасындағы айырмашылық неде? Жезөкшелік — бұл таза секс, ондайда қыздарға ондаған әртүрлі ер адамдармен жыныстық қатырнасқа түсу керек болады. Бір қарағанда, эротикалық уқалау жасайтын әйелдер де сол деңгейдегі қызметті ұсынатыдай болып көрінеді. Алайда, біздің ұқсамайтын тұстарымыз жеткілікті. «Мемуары гейши» деген фильм естеріңізде болар? Уқалау жасайтын әйелдер де өздерін күтетін, кез келген әңгімеге ілесе алатын адамдар болуы керек. Біздер ақшаны ер адамды қоздырып, таңқалдырғанымыз үшін аламыз, бірақ жыныстық қатынасқа бармаймыз.


Біздер ақшаны ер адамды қоздырып, таңқалдырғанымыз үшін аламыз, бірақ жыныстық қатынасқа бармаймыз


Салоннан кетуі жайлы

Достарымның ешқайсысы немен айналысқанымды білмейді және білмеулері керек. Мен өмірімнің бұл кезеңін құпия ұстаймын. Бұл арыма түскен үлкен дақ өмір бойы мені аңдып жүретін болады. Сол қонақ үйдің қасынан өтіп бара жатқанда немесе белгілі бір маркадағы уқалауға арналған майды көргенде, қаншама рет оны қолымнан жуып тастау үшін асыққаным есіме түсіп, біреу біліп қойған жоқ па екен деген алаңдаушылық пайда болады. Қуанышқа қарай, осы уақытқа дейін клиенттерімнің бір де бірін кездестірген емеспін. Және ешқашан кездестірмеймін деп үміттенемін.

Достарыма қайда жұмыс істейтінімді, неге түнімен ұйықтамайтынымды және күндіз неге телефонды көтермейтінімді түсіндіре алмай қиналған сәттегідей өзімді ешқашан ыңғайсыз сезінбеген шығармын. Ол жерден кеткен уақытта өз-өзіммен тұйықталып қалғым келді. Ер адамдарға, секске деген жиіркеніш пайда болып, ұят қысты.

Сондай қадамға бармай-ақ басқа жол табуға болатын еді, бірақ оны енді ғана түсініп жүрмін. Осындай «жеңіл жолмен» ақша табуға болатын жұмысқа барсам ба деп жүрген қыздардың барлығына — дәл қазір тоқтаңдар деген кеңес берер едім. Есіңе түскен сайын ұяттан өртеніп кете жаздайтындай әрекеттерге бармаған өмір — ең қомақты деген ақшаның өзінен қымбат.