Дисклеймер: Аударма 2017 жылдың 9 қазанында шыққан материал бойынша жасалды.

Ересектер моделі болып қызмет еткен қазақстандықтан мыңдаған аноним көрерменнің қалауын қалай орындағанын білдік

Вебкам-моделинг — бекітілген бағаға ұл немесе қыз модельдердің пайдаланушылармен әңгімелесіп, қылымсып, түрлі өтінішін орындайтын онлайн-бизнес. The Village Қазақстан бұл саладағы бұрынғы модельді тауып, оның оқиғасын жазып алды.

Иллюстрации

АЙГЕРИМ САТТАР

Вебкам-модель болу үшін не істеу қажет?

Жасым 22-де. Израиль өнер академиясында оқимын. Бұрын Алматыдағы шығармашылық колледждің студенті болғанмын. Студенттік отырыстардың бірінде топтасым ыңғайлы жұмыс кестесі мен төлемі жақсы қосымша жұмысының барын айтып қалды. Бұл жай қызық факт ретінде айтылса да, менің назарыма ілікті.

Ол вебкам-модель жұмысы жайлы аздап айтып берді. Өзі бұл іске жеңіл қарайтын. Оның достарының көбі вебкам-моделинг саласында өздерін сынап үлгерген. Жалпы, Израильде жастардың көзқарасы еркін.

Құрбым камераның алдында екі жыл жұмыс істеп жүрген, аптасына мың шекель шамасында табатын (97 мың теңгеге жуық). Мен де сынап көргім келді. Не істеу керек екенін сұрадым. Ең біріншіден, сапалы wi-fi орнату қажет болды. Құрбымның айтуынша, сапалы байланыс — жақсы табыстың кепілі. Топтасым вебкам-модельдері бар сайт иесіне хабарласты. Мен онымен аздап сөйлестім. Кейін интернет жылдамдығын тексеру үшін ол мені технарьмен байланыстырды. Маған интерфейсті қалай қолдану керек екенін, қандай батырмаға басу қажеттігін ат үсті көрсетіп жіберді.

Ереже біреу ғана: клиентке мәлімет бермеу. Бұл ешкім айналма жол жасап, қыздарға тегін қарамас үшін жасалады.

Мұндай жұмыстың арнайы кестесі жоқ, жұма, жексенбі күндері де жұмыс істей беруге болады. Қыздар сайтқа жұмыс күндері сирек кіретін.

Сайттағы модельдердің саны өте көп, мен санамаппын да. Менің ондағы таныстарым 20 мен 26 жас арасында болатын. 50-ден асқан әйелдің вебкам-моледь боп істейтінін естігенмін. Ондағы адамдар ағымы да ауқымды, үнемі жаңа никнеймдер пайда болып жататын.


Ең біріншіден, сапалы wi-fi орнату қажет болды. Құрбымның айтуынша, сапалы байланыс — жақсы табыстың кепілі

Жұмыс барысы

Мен жатақханада тұрдым. Тоңазытқышы, үстелі мен төсегі бар бөлек бөлмем болды. Сол жерде жұмыс істедім. Есікті жай ғана кілттеп, қалаған нәрсеңді істейсің. Ешкім мазаламайды.

Алғашқы уақытта эфирге бірнеше бокал шарап ішіп, еліткіш музыкасы бар плейлисті қосып шығатынмын. Онлайн-қонақтар иврит тілінде жазатындықтан бастапқы кездері қиналдым. Сондықтан ағылшын тіліне көшкен жөн екенін бірден ескертетінмін.

Көбі жай әңгімелескісі келеді, “қайда оқисың?”, “кім болғың келеді?” деген сияқты қарапайым сұрақтар қояды. Айтпақшы, ең алғашқы клиент осылардың қатарынан болатын.

Әңгімелесушінің түрін көрмейтінмін. Ешкім өзін көрсетпейді. Себебі бұл қауіпсіз. Бірақ клиенттің камераны қосқан кезі де болған. Мен жалаңаш төс пен еркектік абыройды көріп қалдым. Қызық жағдай, әрине.

Көрермендер қоңырау шалуды жиі өтінеді, даусыңды естігісі келеді. Видеоның сапасы шамалы, ал чат оларға жеткіліксіз. Сайт қонақтары вебкам-модельмен телефон арқылы сөйлесу үшін аноним қоңырау шалу қызметін қолданады. Болмаса қыздардың өздері қосымша сим-карта алып, клиенттерге белгісіз нөмермен хабарласады.

Сенің түріңді бір уақытта бірден бірнеше адам көретін сайттар да бар. Ол жерде саған не істеу керек екенін төлеген адам айтады. Бізде керісінше болатын: барлық чаттар жеке және адамдар саған кіру үшін кезекте күтеді. Модель көзімен бұл — күтіп тұрған никтер тізімі. Оларды қабылдайсың не бас тартасың. Рұқсат берілген соң вебка мен чат автоматты түрде қосылады.

Бізде төлем секунд бойынша — секундына екі шекель (200 теңге шамасында). Сол үшін клиент назарын ұстап, әңгіме-дүкен құру мен қырындау шеберлігімді дамытуға тура келді. Ешкім артық ақша құртқысы келмейді, көбі мастурбация жасап, бітіріп, кетіп қалады.

Әрине, модельдер көрерменді сайтта неғұрлым ұзақ ұстап қалу үшін барын салады. Сондықтан олар, біріншіден, адамның атын біледі, қал-жағдайын сұрап, байланыс орнатады. Егер клиент бірнәрсе өтінсе, мысалы, өзіңе банан тығу, онда жасқанамын не қорқамын деген кейіп танытып, уақытты созуға болады. Осы уақытта ақша жүріп отырады. Мен клиенттерді бес минуттай ұстап тұра алатынмын, сирек жағдайда он минут. Сөзге әуес клиенттермен қиын болатын, себебі әңгімені толыққанды өрбіте алмайтынмын.

Бірде клиент екеуміз кім-кімге нөмер беретінін шеше алмаған соң ғана қомақты сома тапқан сеанс болған. Ол кезде көрерменім әйелі бейтаныс нөмерді көріп қалады деп қорықты. Мен ондай ми ашуды қаламаған соң оған қоңырау шалмаймын деп жұбаттым. Бұл хат алмасу он минутқа созылды. Би мен көндіруден тұрған бүкіл эфир 17 минутқа созылды, бұл — жеке рекордым.

Айлықты пошта арқылы чекпен немесе банк шотыма жіберетін. Әр айдың 10-да жалақым төленіп отыратын. Барлық қыз секундына екі шекельден алатын, бірақ ынтасы үшін төрт шекельден алатын орындаушы қызметкерлер де болатын. Жұма мен сенбі шыққан үшін айлыққа қосымша 20% бонус берілетін. Бәрінде орта есеппен апатасына 2000 шекель шығатын. Одан да көп табуға болады, бірақ бәрі жұмыстан қашып, көңіл-күйлеріне байланысты жұмыс істейтін.

Менің барлық ақшам тамақ, киім мен өзге де майда-шүйдеге кететін. Израильде өмір сүру Қазақстанға қарағанда әлдеқайда қымбат, сол үшін табыс өте орынды болатын.


Бірақ клиенттің камераны қосқан кезі де болған. Мен жалаңаш төс пен еркектік абыройды көріп қалдым. Қызық жағдай, әрине

Клиенттер

Әдетте қонақтар сенбі не жұма күндері жұмыстан соң кешке келеді. Егер сен дарынды модель болсаң, саған жұмыс күні де келеді. Ондай жағдай тек тәжірибелі және уақытын үнемі жоспарлап жүретін қыздарда болады.

Саған қайта-қайта орала беру үшін байқампаз болу керек: клиент жайлы белгілі бір мәліметтерді есте сақтап, жазба жасап, никтер мен қалауларын жазып отыру қажет. Сол кезде қонақ өзін ерекше адам сезініп, қарымын қайтарады. Егер адам сенімен жайлылықты сезінсе, қайта көрісу үшін сенің онлайн екеніңді аңдып отырады.

«Шешін» — көп қонақтың бірінші өтініші, сол себепті клиенттің неге дәмелі екенін анықтау маңызды. Тездетіп мастурбация жасау үшін келгендерге шоу созылуы қажет. Әр шұлықты бір минуттап шешкен кездерім де болған.

Мен әдейі жай қимылдап, билейтінмін. Уақыт созып, шайпұл сұрау үшін гитарада ойнап, сурет салып көрген кезім де болған. Бәрі де қиялға байланысты — бір кезде мен, тіпті, жапсырылған үш омырауы бар костюм кигім де келген, бірақ сәті түспеді.

Менде бір қызық клиент болған. Ол — діндар еврей. Сеанс уақытында мен қандай кошер емес тамақ жегенімді айтуды өтінді. Сосын мен сыр қосылған тауықты таңғы асқа жеп оны сүтпен ішкенімді, ал кешке гамбургер жегенімді алдыма жан салмай айта бастадым. Бұл оны қоздыратын, ал маған түк қиындық тудырмады.

Мен үнемі есі дұрыс еместерге ұрынуды қалайтынмын. Мысалы, копрофилияны сұрайды. Өзіңе дилдо тығу деген сияқты қарапайым өтініштер жыныма тиетін. Іш пыстырарлық. Айтпақшы, бір қызға сондай адам кезігіпті — дәрет сындыруды өтінген. Модельдің шошығаны сонша, бизнестен кетіп қалды. Одан да оның маған кездескені жақсы болар еді.

Ес білгелі бері азғын ойлы болыппын және бірге бүлдіру үшін мүдделес адамдарды іздеппін. Егер бір ерекше зоопорно немесе инцестті роликтер тапсам — топтамама алып қоямын, бәлкім ыңғайлы уақыт туып, бағалай алатын адам табылар. Адамдарға келіп, бірден олардың құмары неде екенін сұрауға болмайтыны өкінішті.


«Шешін» — көп қонақтың бірінші өтініші, сол себепті клиенттің неге дәмелі екенін анықтау маңызды

Сайт

Әдетте модераторлар сенің профиліңе бірнеше тартымды суретті жүктеп, ойнақы никнейм береді. Мысалы, «Жалынды Джоанна» немесе «Әмірші». Мен бір ерекшесін ойлап тапқанмын, бірақ технарь оны «Ханшайым» дегенге ауыстырып тастады — осындайға көбірек адам тартылады деп айтты. Ренжитіндей жағдай болды.

Модельдер порнодағыдай жас, дене бітімі, салмағы мен шаш түсі секілді санаттарға бөлінген сайттар бар деп естідім. Біздің сайтта қыз, жігіт не жұп деген сияқты жыныс және видеодағы адамдар санына байланысты бөлетін. Бізде тек бір ғана түрлі жынысты жұп болатын. Оларға жұмыс істеу қиынырақ, себебі уақыт, сценарий, клиенттерді тарту бойынша келісулері керек.

Менің үш досым вебкамда жұмыс істеген. Оның екеуі әлі күнге дейін эфирге шығып тұрады. Арасындағы бірі – жігіт, оның өнер көрсетуін клиент түсіріп алып, қазір басқа сайтта сатып жатқанын айтты. Онда тұрған ештеңе жоқ, тек өзі қатысқан видеоны көре алмайтыны бітүрлі. Ал ақша төлеу обал.

Ұл модельдер өте аз. Ол үшін ерекше мінез қажет сынды. Менің досым — тура сондай, нәзік бисексуал-ұл. Оның ата-анасы — қатал араб-христиандар, бірақ өзі еркін көзқарастағы жігіт. Жыныстық өмірі өте белсенді, сондықтан оның модель екенін білгенде таңғалмадым.


Ұл модельдер өте аз. Ол үшін ерекше мінез қажет сынды

Реквизиттер

Менің қаламда сексшоптардың жағдайы нашар. Ондай жерлерде қыз атаулы жұмыс істемейді, себебі олай болса діндар еркек клиенттер кімей қалады. Ойыншықтарға байланысты біраз ойлануға тура келді. Емшекке арналған қыстырғышты құрбымнан сұрадым, дилдо ретінде қолдану үшін әртүрлі формадағы шырақтарды үйіп-төгіп сатып алдым. Ойланып қарасам, жұмыс барысында көп затты қолдануға болады екен.

Тартымды ішкиімдер менде вебкам-моделингке дейін де болған. Ақырын шешіну үшін бірнеше шұлық сатып алдым.

Жұмысқа кіргенде бар ойың өзгереді. Оқудан соң автобуста келе жатып, кешке клиенттерге көрсететін заттарды ойланып отыратынмын. Жұмыстың ең ұнайтыны күтім болатын. Маған дайындық, көзге түсетін макияж жасау ұнайтын.

Менің құрбыларым көзге оттай басылатын, қауырсынды маскарад бетперделерінде жұмыс істейтін. Оны шешу үшін қомақты шайпұл сұрайтын. Басқа қыздарға қарағанда мен бетімді жасырмайтынмын. Маған бәрібір еді. Ата-анам басқа қалада, бұл нәрсе олардың көздеріне түсе қоймас. Ал егер біреу менің түрімді көріп, сынай бастаса, ол — өзінің бас ауруы.

Бір модель маған бетпердесін шешкізген тұрақты клиентін ресторанда кездестіріп қалғанын айтып берді. Оны аңди бастайды деп қатты қорқып қалған. Сасқанынан құрбыларына қоңырау шалаған. Бірақ ешқандай жамандық болған жоқ, клиенті оны танымаған да.

Бизнестен кету

Қазір мен вебкам-моделингті тастап кеттім. Жұмысыма қарсы болған жігітім пайда болды. Ал ақша үшін оны алдағым келмеді. Пәтерге көшіп кеттім, қосымша жұмыс іздеп амалын табуға тырысып жатырмын. Жоспарым — оқуды бітіріп, мамандық бойынша жұмыс табу.

Вебкам-моделингке ешқашан қайтып келмейтінімді түсінсем де жұмысымды сағынамын. Ақша жинап қоятын жақсы мүмкіндікті жіберіп алдым, іске жауапкершілікпен қарау керек еді.

Қазақстандағы достарым менің немен айланысқанымнан құлағдар. Ешкім айыптамайды. Көбіне қызықтап жатады, бірақ істеуге қорқады. Кеңестік көзқарастан әлі бәрі айырыла қойған жоқ. Меніңше, біздің жастарға көбірек еркінсу керек сияқты. Әрине, вебкамға бару міндет емес, бірақ ашығырақ болу артық етпес. Әйтпесе орта ғасырда тоқтап қалуға болады.

Кейбір адамдар вебкам-модельдерді жезөкшелер деп есептейді. Ақымақтық. Сен мұнда үлкен арақашықтықта жұмыс істейсің, клиент саған тиіспейді, сұраған заттың бәрін істеудің қажеті жоқ.

Егер сенде қатып қалған моральді ұстанымдар болмаса, бұл іс саған ләззат сыйлай алады. Тұйық қыздар мұнда ашыла түседі, күш пен тартымдылықты сезеді. Жұмыс тамаша физикалық форманы ұстап тұруға және өз тамақтануыңа қарап жүруге ынталандырады.

Мен тапқырлық пен есептілікті дамытып алдым. Шайпұл берсең, қалағаныңды істеймін. Ал бәлкім, істемеймін.


Мәтінді аударған: Дастан Аққожа