Бүгінгі авиаапатта Informburo.kz сайтының шығарушы редакторы Дана Круглова көз жұмды.

Еске саламыз, бүгін таңғы жетіде Алматы облысында Bek Air компаниясының жолаушылар ұшағы құлады. Апаттың нәтижесінде 15 адам қаза болып, 66 пассажирдің жарақат алғаны хабарланды. Алматыдан Астанаға қарай жол тартқан Bek Air-дің Fokker-100 жолаушылар ұшағы биіктігін жоғалтып, бетон қоршауға қақтығысып құлаған. Экипаж мүшелерін қосқанда бортта 100 болды.