Forte Digital апталығының көрермендерін екінші күні осындай тосын сый күтіп тұрды. Қаржы ұйымының арнайы тобы жасаған жаңа Forte қосымшасы пайдалы қызметтермен толықтырылды.

«Енді шыққан Forte қосымшасында біз мобайл қондырғының тұжырымдамасын толығымен өзгертіп қана қоймай, төлемдер мен аударымдардың қызметін қайта безендіріп, жетілдіріп, сандық экожүйенің жаңа өнімдерімен және қызметтерімен жасақтадық. Қазір банктің мобайл қосымшасы Forte сандық экожүйесінің негізгі кірісі болып табылады», дейді IT бөлімінің басшысы Нұрлан Сәрсебеков.

Яғни, мобайл қосымша арқылы тұтынушыларға бұрыннан таныс қызметтермен бірге басқа да жаңа өнімдер ұсынылған. Солардың бірі — ForteForex өнімі.

«Forte командасы күнделікті өмірімізде жиі қолданылатын валюта айырбастау қызметін егжей-тегжейлі талдады. Сондықтан біз мүлдем ерекше тәсілді жүзеге асырғанымызға сенімдіміз. Өзге елді айтпағанда, Қазақстан нарығынан жеке тұлғаларға пайдалы мұндай шешімді көрген емеспіз», — дейді банктің қазына бөлімінің басшысы Асыл Дәуітбаев.

ForteForex сауда алаңы — банктің барлық клиентіне валютаны өз бағамымен сатып алуға және сатуға мүмкіндік беретін қосымша. Енді валюта айырбастау пунктері мен банктерден ең тиімді бағаны іздеудің қажеті жоқ. Қазір Forte клиенттері бір-бірімен делдалсыз, спрэдсіз және кез келген басқа шығындарсыз валюта сатып алады!

«ForteForex» толық автоматтандырылған сауда дүкені бізге клиенттермен келіссөздер жүргізуге және бір-бірімен мобильді телефонның экранында бірнеше рет келісім жасауға мүмкіндік береді. Платформадағы барлық транзакция толығымен құпия болып табылады. Біз клиенттеріміздің бұл қызметке барынша риза болуы үшін 0 теңгелік комиссия құрдық», — деді Асыл.

Жаңа өнімнің пайда болуына орай банк барлық тұтынушыларына арнайы курс түрінде тосынсый жасаған.

«Ертең сағат 11:00-де ForteForex платформасына кіріп, бір сағат ішінде өзінің алғашқы өтінімін орналастырған әрбір адамға банк 100 АҚШ долларын үйреніп қалған ескі бағаммен — бір доллар үшін 388 теңгемен сатады», — деді FortamBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили.

проможаңалық

Forte bank: Әлі де 1 долларды 388 теңгеге сатып алуға болады

ForteForex сауда алаңы валюта айтырбастаудың тиімді жолдарын ұсынды