КиноПоиск сервисінде «Рик пен Морти» мультипликациялық хикаясының қазақ тіліне дыбысталған алғашқы маусымының барлық 11 сериясы бір мезгілде шықты.

«Рик пен Морти» — комедиялық ғылыми-фантастикалық анимациялық хикая. Ол есуас ғалым Рик Санчес пен оның немересі Морти Смиттің шытырман оқиғаларына арналған. «Болашаққа оралу» («Назад в будущее») франшизасына бұзақылық анимациялық пародиясынан өсіп, өзіндік ерекшелігімен, әзіл-оспақ сезімімен және шығармашылығымен сыншылар мен көрермендердің көңілінен шығып, жағымды сын пікіріне ие болды.

Хикаяны қазақ тіліне аударумен «ГурГурСтудио» дыбыс жазу студиясы айналысты. Ол JKS Entertainment холдингінің құрамына кіреді, оның бас продюсері — қазақ тілі мен қазақ халқының мәдениетін танымал етуші Бексұлтан Қазыбек. Кадр сыртындағы аударманың режиссері Атаулла Темірлан болды.

Морти мен Джерридің дауыстары — Мухамедкаримов Айбек;

Риктің дауысы — Думанұлы Олжас;

Бет пен Саммердің дауыстары — Жанель Жусупова.

«Біздің жұмысымыз бен шығармашылығымыз назардан тыс қалмағанына қуаныштымын, сонымен бірге Яндекс Плюс бізді КиноПоиск платформасында қолдау туралы бастама көтерді. "ГурГурСтудио" — бұл, ең алдымен, ерте жастан шетелдік кино мәтінінің қазақ тіліне бейімделуін армандаған достар мен пікірлестерінің командасы. Бұдан былай КиноПоиск сервисінің арқасында қазақтардың көпшілігі сүйікті мультхикаясын ана тілінде көре алатыны қуантады», — деп хабарлады JKS Entertainment бас продюсері Бексұлтан Қазыбек.

«Рик пен Мортидің» бірінші маусымын қазақ тілінде көру үшін баптауларға кіріп, тізімнен қажетті тілді таңдау қажет. Онда субтитрі бар нұсқаны да таңдауға болады.

«Біз Қазақстандағы жазылушыларымыз үшін жергілікті контент желісін үнемі кеңейтіп отырамыз, сондай-ақ шетелдік жобаларды қазақ тіліне дубляждаумен айналысамыз. Бізге Қазақстан мәдениетіне, оның тілі мен мүдделеріне селқос қарамайтын жергілікті серіктестерімізбен ынтымақтастық жасау ұнайды. КиноПоиск сервисінде қазақ режиссерлерінің көптеген картиналары, оның ішінде "Құдалар", "Жаным, сен сенбейсің!" және "Әкім" комедиялары, "Томирис", "Тараз", "Лифт" және "Атбай шайқасы" драмалары, сондай-ақ "Ұлболсын", "Сары мысық" фестивальдік кинолары және басқа да фильмдер қолжетімді. Енді қазақ тіліндегі контент тізіміне көпшіліктің сүйікті мультхикаясы "Рик пен Морти" қосылды, бұл біздің жазылушыларымызды қуантады деген үміттемін», — деп атап өтті Яндекс Плюс-тің халықаралық даму жөніндегі директоры Марина Коробейникова.

Кинопоиск сервисінде фильмдер мен хикаяларды Яндекс Плюс жазылымымен көруге болады. Жазылушы Яндекс Плюс жазылымын рәсімдеумен бірге Яндекс.Музыканың әуендері мен подкасттарын тыңдай алады, Яндекс.Дискте файлдарды сақтау артықшылықтарына ие болады, сондай-ақ Яндекс.Еда мен Яндекс Go сервистерінде кешбэк ұпайларын жинап, жарата алады.

Яндекс Плюс жазылымына жеке жазылу құны айына 849 теңгені құрайды, ал Плюс.Мульти отбасылық тарифінің бағасы — айына 1499 теңге.

арқасында дайындалған жаңалық