Сағат 17:00-дегі деректер бойынша Қазақстанда тағы 25 адам коронавируспен тіркелді. Бүгін барлығы 45 адамда COVID-19 инфекциясы анықталды. Бұл туралы Vласть хабарлады

Жедел штабтың мәліметтерінше, Жамбыл облысында алты, Ақмола облысында 19 жаңа дерек тіркелді. 

Қазақстанда барлығы 629 адам коронавирус жұқтырған. Астанада 219 адам, Алматыда 116, Қарағанды облысында 48, Қызылорда облысында 37, Атырау облысында 29, Жамбылда 35, Түркістан облысында 28, Солтүстік Қазақстан облысында 25, Ақмола облысында 42, Шымкентте 14, Ақтөбе облысында 11, Алматы облысында 10, Шығыс Қазақстан облысында алты, Маңғыстау облысында бес, Батыс Қазақстан облысында екі, Қостанай және Павлодар облыстарында бір адам коронавирус жұқтырған.

Бұған дейін бүгін 20 адамда коронавирустың анықталғаны мәлім болды. Оның 16-сы Қарағанды облысында, екеуі Маңғыстауда, біреуі Шығыс Қазақстанда, тағы біреуі Жамбылда тіркелген.


Біздің Telegram-каналға жазылыңыз