«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының мәлімдеуінше, 855 адвокат пен 674 заң кеңесшісі қазақстандықтарға онлайн түрде көмектесуге әзір. Бұл туралы HolaNews хабарлады

«Е–Заңкөмегі» бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы онлайн және тегін көмек алуға болады. Сот процесі шеңберінде жеке және заңды тұлғалар туралы деректерді адвокаттар мен заң кеңесшілері қазіргі заманғы құралдар арқылы тексеріп ала алады.

Жүйе дәлелдерді жинау процесін тездетуге мүмкіндік береді әрі Қазақстанның мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарымен өзара әрекеттестіреді. 

Еліміздің әр азаматы азаматтық, әкімшілік және қылмыстық іс бойынша білікті маманнан көмек ала алады. 


Біздің Facebook-парақшамызға жазылыңыз