Су тасқыны басталғалы бері Қазақстанда 96 мыңға жуық адам эвакуацияланды. Алты аймақта бірнеше мың үй су астында қалды. Жүздеген жолды су шәйді. Он аймақта жергілікті масштабтағы төтенше жағдай жарияланды. Бұндай жағдай алғаш рет болып отыр. Қазақстанда белгілі бір аймақтарда су тасқыны жыл сайын қайталанады

1 сәуірде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресу жөнінде арнайы жиын өткізіп, су басудың шарықтау шегі әлі келмегенін айтты. Бес күн өткенде, 6 сәуірде, президент биыл келген су тасқыны соңғы 80 жылда болмаған су апаты деп мәлімдеді

 Осыған байланысты біз бүгін эколог, саясаттанушы, гидротехник-инженерлердің пікірін білдік. Қазақстан су тасқыны салдарын қандай жағдайда азайта алар еді?

Автор Сұлтан Темірхан

 

Кешенді тәсіл және алдын алу шаралары

Yntymaq республикалық саяси партиясы ұйымдастыру комитетінің басшысы және гидротехник-инженер Мейрам Қажыкен ҚазТАГ басылымына берген сұхбатында «су тасқынымен күрес мәселесін кешенді түрде шешу керектігін» айтты. Оның сөзінше, үкімет әлі күнге дейін «болары болып, бояуы сіңген» дүниеге назар аударуда. Ол үкімет табиғи апаттарды болжайтын арнайы топ құруы тиіс деп есептейді. «Олар су тасқыны туралы алдын ала ескертеді. Ал жергілікті билік тиісті шараларды қабылдайды» дейді ол.

Сарапшы «су тасқынының осыншалықты көлемде болуына дамбылар мен техникалық нысандар дайын болады» деген пікірмен ішінара келіседі. Оның пікірінше, қазір болып жатқан су тасқынында үкімет табиғат циклын ескермеген. Бұндай жағдайда ғалымдар есептеу арқылы жыл сайынғы су көлемін есептей алады. «Егер осындай зерттеу жүргізілгенде су астында қалған елді мекен тұрғындарын алдын ала қаупсіз жерген көшіруге болар еді» дейді сарапшы.

Гидротехник-инженер Асқар Әбиров Kursiv.Media басылымына берген сұхбатында су тасқынының болуына жергілікті билік өкілдерінің дайын болмауы және дайындық шараларының нақты жоспарының жоқтығы себеп деді. Оның сөзінше, табиғаты Қазақстанға ұқсас Канада мен Солтүстік Америкада бұндай жоспарлар бұрыннан бері бар. Біздің жағдайымызда қажетті зерттеулер мен сараптама жоқ, жүргізілмейді.

Гитротехник-инженер Дәулетяр Баялимов Orda.kz сайтына берген сұхбатында ТЖМ апат болғаннан кейін ғана жұмыс істеуге кіріседі дейді. Оның сөзінше, су тасқынының салдарын азайту Су ресурстары және ирригация министрлігінің мойнына жүктелген. Өзендер мен қоймалардағы су қорын басқару солардың міндетіне кіреді.

Баялимов ведомства қалыпты жағдайда өзендерде гидрологиялық есептер жүргізіп отыруы тиіс. Бірақ министрлік оған қажетті тиісті құралдарды пайдаланбайды.

География ғылымдарының кандидаты және эколог Айжан Сқақова «Медиазоны Центральная Азия» басылымына берген сұхбатында су тасқыны кешенді мәселе екенін айтып, метеоқызметтің ескертуіне ТЖМ дер кезінде назар аудармауын атады. Сқақованың сөзінше, қазір мемлекеттік органдар синоптикатерге мүлде жүгінбейді. Ол зерттеу нәтижелері Қазгидромет мұрағатында қалмау керек. Оларды тиісті министрліктерге  үш-төрт ай бұрын жөнелту қажет.

 

 

Қайталана беретін күн және дайын емес шенділер

Саясаттанушы Досым Сәтпаев биыл Қазақстанда болып жатқан су тасқынын «день сурка» деп атады. Ол елдегі көп қасіретті жағдайдың себебі мемлекеттік аппараттың дағдарыс жағдайында тиімсіз жұмыс істеуі дейді. Оның сөзінше, шенеуніктер бірде-бір ТЖ дайын емес. Олар адам шығыны болған кезде ғана мәселеге назар аударады.

Саясаттанушы Шалқар Нұрсейт Қазақстанда су тасқынымен екі жолмен күресуде деп жазды. Бірінші – дамбы салу, екіншісі – тұрғындарды эвакуациялау. Арықтарды жөндеу, су қоймасын салу, арналарды кеңейту, зерттеу жүргізу, ТЖ болжау сияқты және оны алдын ала ескерту мәселесі құр сөз болып қалады.

30 наурызда президент Тоқаев шұғыл жиында бірқатар министрлер мен әкімдерге сөгіс жариялады. Осыған байланысты саясаттанушы Димаш Әлжанов Telegram арнасында былай деп жазды:

– Тоқаев жұмысына салғырт қараған әкімдер мен үкіметті сынады. Онымен ешкім дауласпайды, олар сондай. Бірақ бізде әкімдер мен үкіметті тікелей президент тағайындайды және соған есеп береді. Екінші жағынан, кадр тағайындау жабық тізім бойынша, оның  адалдығына қарай тағайындалады. Тағы бір жағынан, олардың барлығы президенттің тапсырмасы бойынша жұмыс істейді. Яғни, олардың салғырттығы тікелеу президенттің тағайындауларына байланысты.

Саясаткер Санжар Боқаев Instagram парақшасында су тасқынымен қалай күресу керектігі жөнінде айтты. Оның сөзінше, егер болжамдар елді мекен су астында қалады десе, онда сол аймақты айналдыра канал және су жинайтын қойма қазу керек. Ол су қоймасы елді мекеннің төменгі жағында болуы қажет. Егер су қойманы жарып кеткен жағдайда ол ауылға кірмей, төменге қарай ағып кетуі тиіс.

Бұдан бөлек, саясатткер ауылдарды авариялық аймақтан аулық жерлерге көшіру керек дейді.

— Оларды дәл сол жерде қалпына келтіруге ешқандай қажеттілік жоқ. Бұл бүкіл коммуникациясымен көшіретін қала емес. Ауыл деген не? Көшелер мен үйлер ғана. Ол жерде орталықтанған жылу, кәріз, су жүйесі жоқ. Бағаналар мен электр желісі ғана бар. Сол себепті ауылдарды көшіруге болады, – дейді Боқаев. 

Саясаткер халықаралық тәжірибені де мысалға келтіреді. Оның сөзінше, АҚШ-та инженерлік әскер бар. Олар ТЖМ бірлесіп жұмыс істейді. Боқаев Қазақстанда да осындай әскери құрылым барын айтып, оларды төтенше жағдай министрлігімен біріктіруді ұсынды. 

 

   

Обложка: The Tampa Bay Estuary Program / Unsplash