Bek Air ұшағының апатынан қаза болғандардың саны 15-ке жетті, деп хабарлайды «Новая Газета». Алматы әкімшілігінің мәліметінше, 23 зардап шеккен адамның ішінде сегіз бала бар. Алматыдан астанаға жол тартқан Bek Air авиакомпаниясының Fokker-100 жолаушылар ұшағы ұшарда биіктігін жоғалтып, бетон қоршауға қақтығысып құлаған. Экипаж мүшелерін қосқанда бортта 100 болды.

Алматының көпбейінді клиникалық ауруханасына өте ауыр халдегі бес пациент жеткізілген. Балалар шұғыл медициналық орталығына политравмамен сегіз бала, Шұғыл жедел жәрдем ауруханасына политравмамен бес ересек, №4 қалалық клиникалық ауруханаға өте ауыр халдегі 17 пациент жеткізілді.

Әкімдіктің хабарлауынша, Алматы қаласы мен Алматы облысының стационарлары мобилизацияланған әрі зардап шеккендерді қабылдауға дайын.


ОБЛОЖКА:  vlast.kz